Арыс қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 57/404-VI «2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 наурыздағы № 3/10-VІІ шешiмi
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арыс қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 57/404-VI «2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5997 тіркелген, 2021 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Арыс қаласының 2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кiрiстер - 14 423 336 мың теңге:
салықтық түсiмдер - 1 412 254 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 14 325 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер - 47 834 мың теңге;
трансферттер түсiмi -12 948 923 мың теңге;
2) шығындар - 14 426 658 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 15 460 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 21 878 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу -6 418 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0:
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 18 782 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 18 782 мың теңге:
қарыздар түсімі - 21 878 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 6 418 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 3 322.».