Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017.21.04. № 108 Қаулысымен күші жойылды
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016.15.04. № 122 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 4 тамыздағы
№ 204 қаулысымен бекітілген
«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.15.04. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Батыс Қазақстан облысының аудандары және облыстық маңызы бар қаласының жұмыспен қамту орталықтарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 12 маусымда №11342 тіркелді) бұйрығымен бекітілген «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы және аудандар мен облыстық маңызы бар қаланың бөлімдері (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) көрсетілетін қызметті беруші;
3) www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: қағаз немесе электрондық түрде жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою туралы хабарлама.