«2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 157 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 қарашадағы № 255 шешімі
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 157 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6074 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 201 970 721,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 18 867 940,5 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 4 507 444,8 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 29 093,7 мың теңге;
трансферттер түсімі - 178 566 242,0 мың теңге;
2) шығындар - 197 572 141,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 2 736 887,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 12 068 681,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 9 331 794,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 5 205 554,0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу - 5 205 554,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -3 543 861,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 3 543 861,5 мың теңге.»;
4-тармақ жаңа мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын: