«Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 28 маусымдағы № 233 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 29 маусымдағы № 56 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12636 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
«3-1-тарау. Ветеринария саласындағы жедел ден қою шаралары
«21-1. Осы өлшемшарттар шеңберінде қолданылатын жедел ден қою шараларына мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілерге сәйкес келмейтін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;
2) ветеринария саласындағы рұқсат беру құжатының қолданысын тоқтата тұру;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру