Осы редакция 2018 жылғы 4 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ А-6/277 қаулысымен
бекітілді
«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен, Ақмола облысының білім басқармасымен, аудандық, Көкшетау және Степногорск қалалық білім бөлімдерімен көрсетіледі.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. «Үздік педагог» атағын беру, куәлік, төсбелгі беру және 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш сомасында сыйақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшесінің (қызметшілерінің) әрекет ету тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 қаулысымен бекітілген «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу мерзімінің ұзақтығы:
1) аудандық, қалалық білім бөлімдерінің кеңсесі жыл сайын 1 сәуірге дейін құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады - 20 минут. Нәтижесі - құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы өтініштің көшірмесіне белгі қою.