Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2024 жылғы 23 қаңтардағы
№ 60 бұйрығына
29-қосымша
«Сот-гистологиялық сараптама»
кәсіптік стандарты
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. «Сот-гистологиялық сараптама/зерттеу» кәсіптік стандарты Қазақстан Республикасының «Кәсіптік біліктілік туралы» Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және сот-гистологиялық сараптама/зерттеу өндірісі бойынша сот сарапшысының біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасы мен жағдайларына қойылатын талаптарды айқындауға арналған.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) білім - кәсіптік міндет аясында іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;
2) дағды - кәсіптік міндетті тұтастай орындауға мүмкіндік беретін білімдер мен икемділіктерді қолдану қабілеті;
3) жазба - қол жеткізілген нәтижелер туралы мәліметтер бар құжат немесе жүзеге асырылған қызмет растамасы верификацияның, ескертуші және түзетуші іс-әрекеттердің бақыланушылығын және жүргізілу куәліктерін ұсынуды ресімдеу үшін;
4) сот-гистологиялық зерттеудің мәні - зерттеудің арнайы әдістері мен әдістемелерін қолдану арқылы ағзалар мен тіндердің зақымдану ерекшеліктерін микроскопиялық деңгейде зерделеу кезінде сот медицинасы саласындағы арнайы білімдер негізінде анықталатын нақты деректер;
5) сот-гистологиялық зерттеудің объектілері - мәйітті ашу кезінде алу жүргізілген органдар мен тіндердің бөліктері және іс бойынша өтіп жатқан, сот-гистологиялық зерттеуді қажет ететін басқа да объектілер.
3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады:
БТБА - Жұмыстар мен жұмысшы мамандықтарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;
БА - Біліктілік анықтамалығы.
СБШ - Салалық біліктілік шеңбері;
ЭҚЖЖ - Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы мемлекеттік жіктеуіші.
2-тарау. Кәсіптік стандарттың төлқұжаты
4. Кәсіптік стандарттың атауы: «Сот-гистологиялық сараптама».
5. Кәсіптік стандарт коды: О84230.
6. ЭҚЖЖ сәйкес секциясын, бөлімін, тобын, сыныбын және кіші сыныбын көрсету:
О - Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру;