«Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы
Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 53-656/VI шешімі
(2026.10.03. берілген өзгерістермен)
Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2022.30.03. № 14-219/VII шешімімен (2022 ж. 19 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 2024.04.03. № 12-240/VIII шешімімен (2024 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.25.02. № 32-658/VIII шешімімен (2026 ж. 10 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2022.30.03. № 14-219/VII шешімімен (2022 ж. 19 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 2024.04.03. № 12-240/VIII шешімімен (2024 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.25.02. № 32-658/VIII шешімімен (2026 ж. 10 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда