Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 163 бұйрығына
9-қосымша
Кәсіптік стандарт: «Жобалау және дизайн»
1-ші тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолданылу аясы: Кәсіптік стандарт бағалау, аттестаттау, сертификаттау және біліктілікті растау, кадрларды даярлау және қайта даярлау үшін негіз ретінде әзірленеді және пайдаланушылардың кең ауқымында пайдалануға арналған.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:
1) Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы (БА) - Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңнамаға сәйкес қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу үшін негіз болып табылады және еңбек қатынастарын реттеуге, ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан әртүрлі экономикалық қызмет түрлеріндегі ұйымдарда персоналды басқарудың тиімді жүйесін қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешу үшін қолданылады;
2) Генеративті дизайн - алгоритмдерді қолдана отырып жобалау технологиялары, онда жүйе өздігінен мыңдаған модельдер жасап, оларды бір-бірімен салыстырады және ең жақсы оңтайландырылған модификацияларды таңдайды;
3) Ғимаратты немесе құрылысты пайдалану - техникалық құжаттаманың талаптарында белгіленген параметрлермен берілген функцияларды орындауға қабілетті конструкциялардың жай-күйін сақтау бойынша қажетті іс-шараларды жүргізе отырып, ғимаратты немесе құрылысты функционалдық мақсаты бойынша пайдалану;
4) Жобалаудағы генеративті модельдеу - кіріс параметрлерінің белгілі бір шектеулерін ескере отырып, бірнеше шығыс пайда болатын итерациялық процесс;
5) Жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) - жобаның мәнін ашатын және оның орындылығы мен іске асырылуының негіздемесін қамтитын құжаттар кешені; мәтіндік және графикалық материалдарды қамтитын және күрделі құрылыс объектілері мен инженерлік коммуникацияларды салуды, реконструкциялауды және/немесе техникалық қайта жарақтандыруды қамтамасыз ету үшін сәулет, функционалдық-технологиялық, конструктивтік және инженерлік-техникалық шешімдерді айқындайтын құжаттама;