«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 276 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 25 бұйрығы
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 44 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 276 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11133 болып тіркеген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 маусымында жарияланған) мынадай өзгерiстер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Іздестіру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);»;
4-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап:»;
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Мемлекеттік корпорацияның - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға мүмкіндігі бар;»;
9-тармақта:
1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) лицензия алған кезде Мемлекеттік корпорацияға:»;
2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: