Тараз қалалық мәслихатының «Тараз қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 9-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 13-6 шешімі
Тараз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тараз қалалық мәслихатының «Тараз қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 9-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3184 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың келесі тәртібі айқындалсын:
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде тоқсан сайын «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.