Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің м.а.
2020 жылғы 10 шілдедегі
№ 665 бұйрығына 1-қосымша
Осы редакция 2024 ж. 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы
(2021.30.04. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 10 бабы 1)-тармақшасына сәйкес әзірленген және «Жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсету тәртібін анықтайды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Қаржы министрінің 2021.30.04. № 417 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы - тіркеу есебінен шығару кезінде;
2) «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы тіркеу есебінен шығару кезінде;
3) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады www.egov.kz (бұдан әрі - портал) - жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебіне қою және тіркеу деректерін өзгерту кезінде жүзеге асырылады.