Выступление Председателя Мажилиса Парламента РК Н.З. Нигматулина на парламентских слушаниях на тему:
«Актуальные вопросы обеспечения качественной питьевой водой населенных пунктов Республики Казахстан»
(г. Астана, 24 ноября 2017 года)
Құрметті әріптестер!
Қадірлі парламенттік тыңдауға қатысушылар!
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Қазақстанымыз өте биік белестерге шықты.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының және стратегиялық мақсаттарының арқасында біз барлық салада жоғары табыстарға жеттік.
Әсіресе, әлеуметтік-экономикалық бағытта көптеген маңызды жобалар қолға алынды.
Оның ішінде, бүгінгі талқылап отырған ауызсу мәселесін де айтуға болады.
Әрқашанда су - ол тіршіліктің көзі, өмірдің бастауы, адамзаттың қуаты.
Онсыз өмір болмайды.
Халқымыз айтқандай, «су бар жерде береке де бар».
Бүгінде жер бетінде адам саны өскен сайын, ауызсу да әлемдік маңызды мәселеге айналды.
Біздің елімізде де, ол - ең негізгі сұрақтардың бірі.
Осы салада «Таза ауыз су», «Ақ бұлақ» сияқты бірқатар жобалар жүзеге асырылды.
Бұл жұмыстар қазіргі уақытта «Өңірлерді дамытудың 2020-шы жылға дейінгі бағдарламасы» және «Нұрлы жол» арқылы жалғасын тауып отыр.
Оны заң жағынан қолдау үшін Мәжілісте де көптеген шаралар атқарылып келеді.
Біздің депутаттарымыз тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар жасап, бюджеттен қосымша қаражаттар бөлуге де ерекше ықпал етті.
Сондықтан, ауызсу мәселесін шешуге мемлекеттен жыл сайын керек қаржы бөлініп отыр.
Ендігі мәселе оны тиімді пайдалану.
Ал, ол үшін барлық жұмыстарды дұрыс ұйымдастырып, суды пайдаланудың жаңа технологияларын енгізу қажет.
Осыған орай жер асты суларын пайдалануға қатысты нақты жоспар жасап, ауылдарда жаңа су құрылыстарын қолға алу керек.
Осының барлығы ауызсу мәселесін толықтай шешуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, халық арасында суды үнемдеп пайдалану туралы ақпарат, насихат жұмыстарын жүргізу керек.
Себебі, «Судың да сұрауы бар» - дегендей, бір тамшы суды бағалап, қолда бар байлығымызды сақтау - баршамыздың міндетіміз.
Уважаемые участники парламентских слушаний!
Уважаемые приглашенные!