Отчет Министра юстиции Республики Казахстан перед населением
(г. Астана, 22 июня 2018 года)
Қайырлы таң, құрметті кездесуге қатысушылар!
Доброе утро, уважаемые участники встречи!
Әділет министрлігінің 2017 жылғы жұмыс нәтижелері туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.
*****
Екі мың он жетінші жылы конституциялық реформа аясында маңызды жұмыстар атқарылды. Реформа шеңберінде Үкіметтің Парламент алдында есеп беру және бақылау тетіктері нығайтылды.
Бұдан басқа, өткен жылы құқық қорғау жүйесіне, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласына жаңғырту жүргізілді.
Құқық қорғау жүйесін жаңғырту қылмыстық процесті гуманизациялауға бағытталған.
Мысалы, тергеушінің шешіміне қарамастан адвокаттың тергеу судьясына шағымдану құқығы кеңейтілді.
Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық саласын гуманизациялауға бағытталған Заң қабылданды.
Мысалы,
o Жүз елу жетіден астам құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік айыппұлдар сомасы қысқартылды;
o жазаның отыз түрі жұмсартылды;
o қысқартылған өндіріс институты кеңейтілді.
Бұл жеті күн ішінде айыппұлдың жартысын төлеу мүмкіндігі құқық бұзушылықтардың көп құрамына қолдануға мүмкіндік берді. Сондай-ақ заңды тұлғаларға қысқартылған өндірісті қолдануға мүмкіндік ашты.
Әділет министрлігі өткен жылы мүліктік құқықтарды қорғауды күшейту мақсатында барлық заңнамаға ревизия жүргізді. Нəтижесінде бірқатар ұсыныстар әзірленді. Мысалы:
- банктік қарыз шарттары бойынша қарыз алушыларға құқықтық қорғауды қамтамасыз ету;
- мемлекет мұқтажы үшін жерді мәжбүрлеп алып қою барысында тең сыйақы белгілеу үшін шарттарды анықтау;
- мүлікті тәркілеу жағдайында меншік иелерінің құқықтарын қамтамасыз ету.
*****
Перед Министерством юстиции поставлена задача по повышению качества и стабильности законодательства.
Для достижения указанной задачи ведется работа по созданию единой электронной системы