ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019.02.05. № 28/қе бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 30 бұйрығына
2-қосымша
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 6 мамырдағы № 34/қе бұйрығымен күші жойылды
«Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.02.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген сәттен бастап:
лицензияны беру - 15 жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу - 3 жұмыс күні.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге лицензия беру, оны қайта ресімдеу не осы стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.