Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мысыр Араб Республикасының Үкіметі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды жою және салық салуды болдырмау мен одан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция (2024 жылғы 24 сәуірде)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 24 апреля 2024
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 24 апреля 2024

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2024 жылғы 24 сәуірдегі

№ 333 қаулысымен

мақұлданған

 

Жоба

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мысыр Араб Республикасының Үкіметі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды жою және салық салуды болдырмау мен одан жалтаруға жол бермеу туралы

конвенция

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мысыр Араб Республикасының Үкіметі

өздерінің экономикалық қатынастарын одан әрі дамытуға және салық мәселелерінде ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдіре отырып,

салық төлеуді болдырмау немесе одан жалтару арқылы (оның ішінде үшінші елдердің резиденттерінің жанама пайдасы үшін осы Конвенцияда көзделген жеңілдіктерді алуға бағытталған уағдаластықтарды пайдалану арқылы) салық салмауға немесе төмендетілген салық салуға мүмкіндіктерді жасамай, осы Конвенциямен қамтылған салықтарға қатысты қосарланған салық салуды жоюға ниет білдіре отырып,

төмендегілер туралы уағдаласты:

 

 

1-бап
Конвенция қолданылатын тұлғалар

 

Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттердің біреуінің немесе екеуінің де резиденттері болып табылатын тұлғаларға қолданылады.

 

 

2-бап
Конвенция қолданылатын салықтар

 

1. Осы Конвенция алыну әдістеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттің немесе оның саяси, немесе әкімшілік бөлімшелерінің немесе жергілікті билік органдарының атынан алынатын табыстарға салынатын салықтарға қолданылады.

2. Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті иеліктен шығарудан алынған табыстарға салынатын салықтарды, кәсіпорындар төлейтін қызметақының немесе жалақының жалпы сомасына салынатын салықтарды, сондай-ақ капитал құнының өсіміне салынатын салықтарды қоса алғанда, табыстың жалпы сомасынан немесе табыстың жекелеген элементтерінен алынатын барлық салықтар табысқа салынатын салықтар болып есептеледі.

3. Мыналар:

а) Қазақстан Республикасында:

(і) корпоративтік табыс салығы;

(ii) жеке табыс салығы;

(бұдан әрі «Қазақстан салығы» деп аталады);

b) Мысыр Араб Республикасында:

(i) жеке тұлғалардың табыстарына салынатын салық, оның ішінде:

1. жалақы мен қызметақыдан түсетін табыс;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами