Панфилов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «Панфилов ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 8-14-68 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жетісу облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 сәуірдегі № 8-41-179 шешімі
Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Панфилов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «Панфилов ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 8-14-68 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 190912 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Панфилов ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына 1 рет) көрсетіледі.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Әлеуметтік көмек алушылардың санатының тізбесі және шекті мөлшерлері:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері - 509 (бес жүз тоғыз) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет;
2) Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері:
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет;