«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының м.а. 2017 жылғы 13 маусымдағы № 264 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бұйрығына («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 қыркүйекте жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті туралы ережесінде:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Департаменттің басшысы мынадай өкілеттікті жүзеге асырады:
1) өз орынбасарларының, Департаменттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының, жұмыскерлерінің және қызметкерлерінің, Департаменттің аумақтық органдары басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) Департаменттің штат санының лимиті шегінде Департаменттің штат кестесін бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
Департаменттің жұмыскерлерін және қызметкерлерін;
Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысын қоспағанда, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша және арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы мемлекеттік кірістер басқармаларының басшыларын;
кеден бекеттерінің басшыларын және олардың орынбасарларын;