Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 11 ақпандағы
№ ҚР ДСМ -13 бұйрығына
4-қосымша
Осы редакция 2023 жылғы 5 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мұнай операцияларын жүзеге асыратын технологиялық және қосалқы объектілер мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Мұнай операцияларын жүзеге асыратын технологиялық және қосалқы объектілер мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық кағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеге (бұдан әрі - Ереже) сәйкес әзірленген және қызметі мұнай операцияларын жүзеге асыратын объектілер мен құрылыстарды, сондай-ақ мұнай операцияларымен (жасанды аралдармен, эстакадалармен, бұрғылау платформалармен, дамбалармен жүзгіш бұрғылау қондырғылармен (бұдан әрі - ЖБҚ) және басқа операциялармен) байланысты өзге де теңіз құрылыстарын жобалаумен, реконструкциялаумен, пайдаланумен байланысты жеке және заңды тұлғаларға арналған.
Санитариялық қағидалар мұнай операцияларын жүзеге асыратын өндірістік, тұрғын және қоғамдық үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды салу үшін жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, сумен жабдықтауға, суды бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге және ауа баптауға, еңбек жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетуге, медициналық қамтамасыз етуге, адамға әсер ететін физикалық және химиялық факторлардың көздеріне, күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.
2. Гигиеналық өлшемшарттар бойынша мұнай өнеркәсібі объектілеріне мынадай негізгі өндірістер мен жұмыс түрлері жатады: