«Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 124 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 44 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12636 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 12-қосымшада:
реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 13. | Ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жөніндегі талапты сақтау | Елеулі |
»;