Қостанай облысы әкімдігінің 2017.07.09. № 439 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен толықтырылды; Қостанай облысы әкімдігінің 2018.27.06 № 300 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.26.07. № 302 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда
Қостанай облысы әкімдігінің
2016 жылғы 21 маусымдағы
№ 284 қаулысына 13-қосымша
Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 36 Қаулысымен күші жойылды
«Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.26.07. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру» мемлекеттік қызметін аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы және оның қалалар мен аудандардағы бөлімдері (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз жүзінде.