«Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 205-1871 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 205-1017 Қаулысы
Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 06-400 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 205-1871 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде 2014 жылғы 15 желтоқсанда № 862 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 145 (3202) «Астана ақшамы» және 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 144 (3220) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесінде: