Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 4/637 Қаулысы
(2016.15.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 4/581 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16 бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттері бекітілсін:
1) «Дәрігерді үйге шақыру»;
2) «Дәрігердің қабылдауына жазылу»;
3) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту»;
4) «АИТВ-инфекциясының болуына, ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу»;
5) «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру»;
6) «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру»;
7) «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»;
8) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру»;
9) «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру»;
10) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру»;