«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 303-НҚ және «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің регламентін бекіту туралы» Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 205/НҚ бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 6 наурыздағы № 58/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 303-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаментіне Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмыс жоспары іс-шараларының орындалуы туралы есеп жіберсін.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаменті 2026 жылғы 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өткен жылғы жұмыс жоспарының орындалуы туралы есепті қалыптастырсын және Төрағаға қарауға ұсынсын.».
2. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің регламентін бекіту туралы» Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 205/НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі регламентінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: