«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ведомстваларының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 337 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 26 тамыздағы № 224 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ведомстваларының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 337 бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 59-1) тармақшамен толықтырылсын:
«59-1) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын (ғылыми жарыстарды), орындаушылар конкурстарын, кәсіби шеберлік конкурстарын және спорттық жарыстарды іріктеу қағидаларын әзірлеу;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің:
15-тармақта:
78), 79) және 80) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«78) меншік түріне, нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының, білім беру ұйымдарының және бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің Қазақстан Республикасының бала құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;