«Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 341 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9203 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған әкімшілік деректер жинауға арналған нысандар:
1) пайдаланушылардың балық және басқа да су жануарларын аулау квотасын игеруі туралы мәліметтер осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде қорғауды жүзеге асыратын жануарлар дүниесi пайдаланушыларының қорықшылық қызметтер туралы мәліметтері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) пайдаланушылардың ағымдағы жылда балық шаруашылығын дамытуға жоспарланған қаржылай қаражаты көлемінің орындалуы туралы мәліметтер осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) пайдаланушылардың балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітудің бүкіл кезеңінде балық шаруашылығын дамытуға жоспарланған қаржылай қаражатының көлемдері туралы мәліметтер осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері туралы мәліметтер осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері туралы мәліметтер осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) пайдаланушыларды материалдық-техникалық жарақтау туралы мәліметтер осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;