Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 272 бұйрығына
1-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № ҚР ДСМ-180/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Дәрігерді үйге шақыру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.27.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.27.06. № 464 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.24.05. № ҚР ДСМ-86 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші (тікелей немесе көрсетілетін қызметті алушының телефоны бойынша өтініш берген кезде);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.27.06. № 464 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап 10 (он) минуттан аспайды;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 10 (он) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 10 (он) минуттан аспайды.
портал арқылы өтініш берген кезде: