«Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 161 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 222 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 161 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22727 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) банк кепілдігі – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14915 болып тіркелген) Банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларына сәйкес ресімделген және банктің клиентке (борышкер тұлғаға) оның өтініші негізінде үшінші тұлғаның (кредитор тұлғаның) пайдасына берілетін жазбаша құжат, осы құжат негізінде онда көрсетілген шарттарға сәйкес банк шекті соманы үшінші тұлғаға (кредитор тұлғаға) төлеуге міндеттенеді;
2) бенефициар – пайдасына төлем және (немесе) ақша аудару жүзеге асырылатын тұлға;
3) борышкер тұлға – эмитент банкке бенефициар пайдасына банк кепілдігі немесе резервтік аккредитивті шығаруға тапсырма беретін заңды тұлға;