Введите номер документа
Прайс-лист

«Патент құнын есептеу (911.00-нысан)» салық есептілігінжасау қағидалары (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығына 68, 69-қосымшалары) (2019.13.11. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 12 февраля 2018
Статус
Утратил силу
утратил силу с 1 января 2025

ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 бұйрығымен күші жойылды

 

 

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019.13.11. № 1255 бұйрығымен нысан жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2018 жылғы 12 ақпандағы

№ 166 бұйрығына

68-қосымша

 

 

 

 

 

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019.13.11. № 1255 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2018 жылғы 12 ақпандағы

№ 166 бұйрығына

69-қосымша

 

 

«Патент құнын есептеу (911.00-нысан)» салық есептілігін жасау

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Патент құнын есептеу (911.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және «Патент құнын есептеу»-ге арналған патент алу үшін салық есептілігі нысанын (есепті) (бұдан әрі - есеп) жасау тәртібін айқындайды. Патент құнына жеке табыс салығы (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда) және әлеуметтік төлемдер кіреді. Есепті патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер жасайды.

2. Есеп есептің өзінен (911.00-нысан) және патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану үшін қажетті ақпаратты көрсетуге арналған қосымшадан (911.01-нысан) тұрады.

3. Есепті толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде есептің тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Есепке қосымша есепте тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдар толтырылған кезде міндетті тәртіпте жасалады.

6. Есепке қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда есепке қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

7. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: «-» - алу; «х» - көбейту.

8. Соманың теріс мәні есептің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «-» белгісімен белгіленеді.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами