«Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 5 қыркүйектегі № 490 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4945 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесінде:
3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының, орынтұрақ орындарының, қоймаларының кемінде екі меншік иесінен, көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің төрағасынан осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш (әрі қарай - өтініш) немесе жергілікті атқарушы органның өтініші немесе көппәтерлі тұрғын үйге тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) өтініші ұсынылады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік тіркеуге пәтерлердің пайдалы алаңының және көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайлары, орынтұрақ орындары, қоймалары алаңының өзгеруі нәтижесінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамы және (немесе) пәтерлердің, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындардың, қоймалардың меншік иелері үлестерінің мөлшері өзгертілуге жатады. Өзгерістер мен толықтыруларды енгізу осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: