Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 322 Қаулысымен күші жойылды
Алматы облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 29 қазан
№ 479 қаулысымен бекітілген
Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - Көрсетілетін қызмет беруші) көрсетіледі.
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны -қағаз түрiнде.
3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) беру.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығымен бекітілген «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі (бұдан әрі - Стандарт).
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - Көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың 9 - тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы негіздеме болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы: