«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 шілдедегі №347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 23 ақпандағы № 63 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 бұйрығына мынадай өзгерістеренгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
18, 19, 20, 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Басқарманы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің келісімі бойынша Министрліктің Аппарат басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.»;
«19. Басқарма басшысы болмаған уақытта оның міндеттерін уақытша атқару орынбасарына не Министрліктің Аппарат басшысының бұйрығымен Басқарманың өзге қызметкеріне жүктеледі.»;
«20. Басқарманың басшысына және басшының орынбасарына демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстеме ақылар төлеу және сыйлық ақы беру, тәртіптік жаза қолдану мәселелері Министрліктің Аппарат басшысының бұйрығымен ресімделеді.»;
«21. Басқарма басшысының келісімі бойынша Министрліктің Аппарат басшысы лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босататын басшының орынбасары болады.».
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
18, 19, 20, 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Басқарманы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің келісімі бойынша Министрліктің Аппарат басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.»;