Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 44 «Қостанай облысының аумағындағы «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 430 Қаулысы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысының аумағындағы «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағын белгілеу туралы» 2015 жылғы 16 ақпандағы № 44 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 5456 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - табиғи резерват) шекарасының айналасындағы Қостанай облысының аумағында ені екі километрден кем емес, жалпы ауданы 180 929 гектар, оның ішінде: жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай және жер санаттарын өзгертпей Ұлы-Жыланшық учаскесінде 78 972 гектар, Тосынқұм учаскесінде 74 457 гектар және Сарықопа учаскесінде 27 500 гектар күзет аймағы;»;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасында:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағының аумағындағы табиғат пайдалану режимі мен тәртібі»;
1-тармақта:
бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын: