Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 6001-24-7-6/19 «Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының м.а. 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 6001-25-7-6/288 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 106 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі туралы ереженің 18-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі басшысының 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 6001-24-7-6/19 бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 9-қосымшада:
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
Департаменттің филиалдары тізбесінде:
реттік нөмірі 23-жол алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 17-қосымшада:
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
Департаменттің филиалдары тізбесінде:
реттік нөмірі 2, 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының әкімшісі;
3. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының әкімшісі;
4. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының әкімшісі;»;
реттік нөмірлері 6 және 16-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының әкімшісі».
2. Сот әкімшілігінің Персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі) заңнамада белгіленген тәртіппен: