«Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 24 ақпандағы № 16 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 58 шешімі
ШЕШТІ:
1. «Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 24 ақпандағы № 16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8075 тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
мәслихат шешімінің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 408-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»
Көрсетілген мәслихат шешімімен бекітілген Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6- бабының 2-2-тармағына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 12-14) тармақшасына, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20540 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген, Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік Қағидаларына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібін айқындайды.»
4-тармақтың 6) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: