Введите номер документа
Прайс-лист

Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім (Ереван қ., 2019 жыл 1 қазан) (қолданысқа енген жоқ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 1 октября 2019
Статус
Не введен в действиевводится в действие с

БІР ТАРАПТАН ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ПЕН ОҒАН МҮШЕ

МЕМЛЕКЕТТЕР ЖӘНЕ ЕКІНШІ ТАРАПТАН СИНГАПУР РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ЕРКІН САУДА ТУРАЛЫ

 КЕЛІСІМ

(Ереван қ., 2019 жыл 1 қазан)

 

ҚР 2025 жылғы 9 қаңтардағы № 152-VIII Заңымен ратификацияланды

 

КІРІСПЕ

 

Бір тараптан

Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі «ЕАЭО» деп аталады) және Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы (бұдан әрі «ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер» деп аталады) және

екінші тараптан

Сингапур Республикасы (бұдан әрі «Сингапур» деп аталады)

Тараптар арасындағы ұзақ мерзімді және берік достық пен ынтымақтастықты нығайту мен күшейтудің маңыздылығын МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП,

өзара мүддені білдіретін салаларда Тараптар арасындағы өзара пайдалы сауда қатынастарын кеңейту және экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы орта және жағдай жасауды ҚАЛАЙ ОТЫРЫП;

бизнестің шығасыларын азайтуды және экономикалық тиімділікті арттыруды қамтамасыз ету үшін Тараптар арасындағы сауда кедергілерін төмендетуге немесе жоюды ҚАЛАЙ ОТЫРЫП;

тұрақты, ашық және кемсітусіз түрде жүзеге асырылатын еркін және кедергісіз саудаға ықпал ететін қағидаттар мен практиканы ұстану қажеттігін МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП;

шығасыларды азайту және нарықтың болжамдылығын қамтамасыз ету мақсатында тиімді және транспарентті рәсімдерді ілгерілетуде сауда рәсімдерін оңайлатудың маңыздылығын МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП;

өзара сенім, транспаренттілік және сауда рәсімдерін әділ әрі өзара пайдалы оңайлату қағидаттары негізінде Тараптар арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін АТАП КӨРСЕТЕ ОТЫРЫП;

мыналар туралы УАҒДАЛАСТЫ:

 

 

1-ТАРАУ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР ЖӘНЕ ЖАЛПЫ АНЫҚТАМАЛАР

 

1.1-бап

Еркін сауда аймағын құру

 

Осы құжат арқылы осы Келісімнің Тараптары 1994 жылғы ГАТТ-тың XXIV бабына сәйкес еркін сауда аймағын құрады.

 

 

1.2-бап
Мақсаттары

 

Осы Келісімнің мақсаты осы Келісімнің ережелеріне сәйкес Тараптардың арасындағы сауданы ырықтандыру және оған жәрдемдесу болып табылады.

 

 

1.3-бап
Жалпы қолданылатын анықтамалар

 

Егер өзгеше көзделмесе, осы Келісімнің мақсаттары үшін:

Документ не введен в действие

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами