Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт (Астана қ., 2015 жылғы 1 сәуірде)

Информация о документе
Датасреда, 1 апреля 2015
Статус
Действующийвведен в действие с 10 февраля 2016
Дата последнего изменениясреда, 1 апреля 2015

Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы
 шарт
(Астана қ., 2015 жылғы 1 сәуірде)

 

ҚР 2015 жылғы 12 қарашадағы № 396-V Заңымен ратификацияланды

2016 жылғы 10 ақпанда күшіне енді

 

Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Мажарстан

егемендік пен теңдікті өзара құрметтеу негізінде қылмыстылыққа қарсы күрес саласында екі мемлекет арасындағы өзара тиімді іс-қимылға ықпал етуге ниет білдіре отырып,

осы мақсатқа қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету тәртібін белгілейтін халықаралық екіжақты шарт жасасу арқылы қол жеткізуге болатынын назарға ала отырып,

төмендегілер туралы уағдаласты:

 

 

1-бап
Қолданылу аясы

 

1. Осы Шарттың ережелеріне сәйкес сұрау салулар бойынша Тараптар жазасы көмек туралы сұрау салу келіп түскен кезде Сұрау салушы Тараптың құзыретті әділет органдарының юрисдикциясына жататын қылмыстарға қатысты қылмыстық іс жүргізулер бойынша бір-біріне өзара құқықтық көмек көрсетуге міндеттенеді.

2. Осындай құқықтық көмек:

а) адамдардың немесе заттардың орналасқан жерін анықтауды және оларды сәйкестендіруді;

b) қылмыстық іс жүргізуге қатысы бар құжаттар мен материалдарды табыс етуді;

с) Сұрау салушы Тараптың құзыретті әділет органының алдына өз еркімен келуі үшін куәларды, жәбірленушілерді, күдіктілерді, айыпталушыларды және сарапшыларды шақыруды;

d) құжаттарды, материалдар мен дәлелдемелерді алуды және беруді;

е) жауап алу жүргізуді және айғақтар алуды;

f) күзетпен ұсталатын адамдардың айғақтарын алу немесе басқа да процестік әрекеттерге қатысуы үшін оларды уақытша беруді;

g) сот сараптамаларын жүргізуді, құжаттарды немесе заттарды қарап-тексеруді;

h) тінтуді жүзеге асыруды, дәлелдемелерді алып қоюды және активтерді тәркілеуді;

і) ұлттық заңнама бойынша ақпарат алмасуды;

j) осы баптың 3-тармағына нұқсан келтірмей, Сұрау салынатын Тараптың ұлттық заңнамасына қайшы келмейтін кез келген басқа да құқықтық көмекті қамтиды.

3. Осы Шарт:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами