Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 31 шілдедегі
№ 149 қаулысына
4-қосымша
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 71 Қаулысымен күші жойылды
«Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің,
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы
қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.16.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.
«Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушының атына қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттарды келісу нәтижелері туралы мәліметтер бар хат не Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген «Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру» стандартының (бұдан әрі - стандарт) 11-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберу.