Осы редакция 2017 жылғы 6 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016.15.04. № 120 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 21 қазандағы
№328 қаулысымен
бекітілген
«Ветеринариялық анықтамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.15.04. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринарлық ұйымдары - аудандар мен Орал қаласының «Ветеринариялық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 27 тамызда № 11959 болып тіркелді) бекітілген «Ветеринариялық анықтамалар беру» стандарттың (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - ветеринариялық анықтама немесе Стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларға және негіздерге сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі - бас тарту туралы дәлелді жауап) болып табылады.
Мемлекеттік қызмет алу жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.