«Техникалық реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1199 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 826 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 379-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 67 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Техникалық реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1199 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 826 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12735 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Техникалық реттеу саласындағы бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
көрсетілген Өлшемшарттарға қосымшада:
реттік нөмірі 156 - жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 156. | моторвагонды жылжымалы құрамның вагондарын мүгедектігі бар адамдар мен балалары бар жолаушыларды жүріп өтуіне арналған орындармен жабдықтау. Қозғалғыштығы шектеулі азаматтардың жүріп өтуіне арналған жолаушылар вагондары мен моторвагонды жылжымалы құрам вагондарын мынадай құрылғылармен жабдықтау: 1) кресло-арбаны тез көтеріп-түсіруге және сенімді бекітуге арналған құрылғылар; 2) ауданы ұлғайтылған арнайы санитариялық тораптар; 3) ені ұлғайтылған жолдар | өрескел |
»;
реттік нөмірлері 228 және 229 - жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 228. | жоғары жылдамдықты теміржол жылжымалы құрамында мүгедектігі бар адамдар мен балалары бар жолаушылардың жүруіне арналған орындардың болуы | өрескел |