«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 703/НҚ «Астана Хаб» дербес кластерлік қоры қызметінің қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 17 шілдедегі № 421/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 703/НҚ ««Астана Хаб» дербес кластерлік қоры қызметінің қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37807 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Астана Хаб» дербес кластерлік қоры қызметінің қағидаларында:
4-тармақтың:
бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген Қордың функцияларын орындау цифрлық технологияларды дамытуды ынталандыру мақсаты үшін Қор әзірлейтін бағдарламаларды іске асыру арқылы мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:»;
9) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«9) цифрлық технологиялар саласында талдамалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
10) цифрлық технологиялар саласында технологиялық бизнес-инкубациялау;»;
12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) цифрлық технологиялар саласындағы отандық және шетелдік сарапшыларды тарту;»;
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) беру немесе айрықша (мүліктік) құқықтарды ұсыну туралы шарт бойынша цифрлық технологиялар саласындағы отандық әзірлемелердің нәтижелерін коммерциялық іске асыру және (немесе) оларға құқықтарды беру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;»;
7-тармақ:
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 536-бабының 2), 3), 4) және 9) тармақшаларында көрсетілген тауарларды ілгерілетуге, маркетингке және (немесе) өткізу көлемін ұлғайтуға бағытталған жобаларды іске асырмауы тиіс;»;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын: