Осы редакция 2016 жылғы 27 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы
№ 3-3/517 бұйрығына
6-қосымша
Қаракөл тұқымды қойларын бағалау бойынша
нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Қаракөл тұқымын бағалау бойынша нұсқауы (бұдан әрі - Нұсқау) 2014 жылғы 9 шіледегі Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп, қаракөл қой тұқымын бағалауды нақтылай түседі.
2. Қаракөл қой тұқымын бағалау бағалаушымен (сыныптаушы) жүргізіледі.
2. Қаракөл тұқымды қойларын бағалауды ұйымдастыру
3. Қозылардың сапасын бағалау екінші-үшінші күні, ашық жерде өткізіледі, күннің шашыраңқы сәулесі қозының үстіне түскені абзал.
Бағалаудың екінші кезеңі 15-20 күні жүргізіледі. Қозының дамуы, қаракөлдің сақталу қасиеті бағаланады. Терінің пигментациясы мен бұралымы жаман сақталып, ақ және құрғақ жүннің пайда болуы қозыларды асыл тұқымға қалдыруға болмауына себеп, ол шығарылып тасталады.
4. Нәзік және қырық тұрпаты малдарды жекелеген отарларға бағалау класына қарамастан жинақтайды.
5. Класын, бұйраның енін анықтап, қозылардың құлағына ен салады, әр түрлі түсті қозыларда бұйраның енінің орнына түсі, түс қанықтығы менг реңі анықталады.
6. Бағалау өткізтін жерде арналы столдар болады. Құрақ қозылар бағаланады. Жаңа туылған қозылардың құлағына анасының нөмірін, туылған уақытын, отардың нөмерін көрсетіп сырға тағады.
7. Бағалау аяқталған соң асырауға қалдырған қозыларды түгендеп, белгіленген тәртіппен есеп жүргізеді.
8. Қаракөл қойының туылған кезіндегі бұйрасының турі мен пішініне қарай бес елтірілік типке бөлінеді: