Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 322 Қаулысымен күші жойылды
Алматы облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 29 қазан
№ 479 қаулысымен бекітілген
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - Көрсетілетін қызмет беруші) көрсетіледі.
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - қағаз түрiнде.
3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - қол қойылған және тіркелген кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарт.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №501 бұйрығымен бекітілген «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі (бұдан әрі - Стандарт).
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - Көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы негіздеме болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесiнiң қызметкерi құжаттарды қабылдайды, тiркеуге алады және құжаттарды басшылыққа бұрыштама қолын қою үшін жiбереді.