Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Құрбан айт (Құрбан-байрам) мейрамын мерекелеу кезінде Қарағанды облысы тұрғындарының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету туралы» Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 24-Қ Қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Құрбан айт (Құрбан-байрам) мейрамын мерекелеу кезінде Қарағанды облысы тұрғындарының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету туралы» Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 24-Қ Қаулысы (күші жойылды)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Медицина-корпоративный, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Құрбан айт (Құрбан-байрам) мейрамын мерекелеу кезінде Қарағанды облысы тұрғындарының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету туралы
Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 24-Қ Қаулысы

 

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 31-Қ Қаулысымен күші жойылды 

 

Мен, Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ю.Л. Залыгин, Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 5-тармағына және 39-бабына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 102, 104 және 107-баптарына сәйкес, жаңа COVID-19 коронавирустық инфекция (бұдан әрі - КВИ) ауруының өсуіне байланысты және 2021 жылдың 19-23 шілде аралығындағы Құрбан айт (Құрбан байрам) мерекесі кезінде Қарағанды облысының тұрғындары арасында КВИ одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының әкімдері, Қарағанды облысының полиция департаменті, Қарағанды облысының дін істері басқармасы, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы, Қарағанды облысының бас имамы қамтамасыз етсін:

1) меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке үй иеліктері мен медреселерде адамдар көп жиналатын жерлерде іс-шаралар өткізуге тыйым салуды;

2) малды автомашиналардан және жеке меншік үй иеліктерінен өткізуге тыйым салуды;

3) БАҚ арқылы онлайн режимде Құрбандық шалуды ұйымдастыру туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;

4) ветеринариялық қызметтің ресми ветеринариялық-санитариялық қорытындысын алған сою пункттері мен алаңдарда (ветеринариялық қызмет бекіткен тізбеге сәйкес аудандардағы сою пункттері, алаңдар) мал союды және өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етуді;

5) облыстың барлық аумағындағы сою пункттерінде күшейтілген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды;

6) Qurban2021.kz сайтқа өтінім бере отырып, құрбандық шалуды онлайн режимде өткізуді;

7) «Құрбан айт» мерекесін ұйымдастыру мәселелерін халыққа түсіндіру үшін Call-орталығының жұмысын ұйымдастыруды;

8) мұқтаж адамдарға тартылған азық-түлікті жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ете отырып, тез бұзылатын өнімдерді (Құрбандыққа шалынған жануарлардың етін) тасымалдау және сақтау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар талаптарының сақталуын қамтамасыз етуді;

9) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық жұмыс режимінің, эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу және әкімдіктер жанындағы мобильдік топтардың объектілерге ішінара тексерулер жүргізуді.

2. Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасына:

1) бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етуге, қабылданатын шешімнің адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіруді қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыны Қарағанды облысы халқының назарына жеткізсін.

3. Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының әкімдері, Қарағанды облысының полиция департаменті, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары осы қаулы талаптарының сақталуын күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы 2021 жылғы 16 шілде сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

 

 

Қарағанды облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

 

 

Ю.Л. Залыгин

 

Добавить в список основных источников в Google

Документ утратил силу
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!