«Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 245 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышында:
«Мемлекеттiк кiтапханалар көрсететiн қызметтер» деген бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«
Мемлекеттiк кiтапханалар көрсететiн қызметтер |