«2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 25/280-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/366-VI шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 қазандағы № 803 «2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 808 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 25/280-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5704, 2018 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 317 533 374,7 мың теңге:
салықтық түсімдер - 39 935 748,9 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 2 708 145,8 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 550,5 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 274 883 929,5 мың теңге;
2) шығындар - 319 964 424,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 11 242 356,6 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 21 324 238,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 10 081 881,4 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 50 000,0 мың теңге: