Қостанай облысы әкімдігінің
2015 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 396 қаулысымен бекітілген
Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 16 Қаулысымен күші жойылды
«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2018.26.11. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар, облыстың ЖИТС-тың профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы (Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - «АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарды және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11145 болып тіркелген) сәйкес адамның иммун тапшылығы вирусына антиденелерді зерттеу туралы анықтама-сертификат.
Анықтама-сертификат оны берген сәттен бастап 3 (үш) ай бойы жарамды.
Зерттеп-қарау нәтижесі теріс болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының қолына беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.