Мәслихаттың 2021 жылғы 8 қазандағы № 47 «Меңдіқара ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2024 жылғы 11 қазандағы № 156 шешімі
Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың «Меңдіқара ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 8 қазандағы № 47 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24811 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшаның 2 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алуды (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізеді.»;