«Алматы облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 26 қазандағы № 24-124 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 34-177 шешімі
Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 1 қазандағы № 26-133 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 тіркелген) сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облыстық мәслихатының «Алматы облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 26 қазандағы № 24-124 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4386 тіркелген, 2017 жылдың 5 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Алматы облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларында:
3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: