ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтары туралы
ҚР Президентінің 2025 жылғы 10 ақпандағы № 777 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Конституциясы 45-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының одан әрі дамуын қамтамасыз ету, мемлекет қызметінің инклюзивті платформасын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының әрбір азаматының әл-ауқатын арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған мынадай жалпыұлттық басымдықтары (бұдан әрі - Жалпыұлттық басымдықтар) айқындалсын:
1-бағыт. «Азаматтардың әл-ауқаты»:
1) «Әділ әлеуметтік саясат»;
2) «Қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі»;
3) «Сапалы білім»;
2-бағыт. «Институттардың сапасы»:
4) «Азаматтардың мүдделерін қорғайтын әділ және тиімді мемлекет»;
5) «Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі»;
6) «Патриотизм құндылықтарын дәріптеу»;
7) «Ұлттық қауіпсіздікті нығайту»;
3-бағыт. «Қуатты экономика»:
8) «Әртараптандырылған және инновациялық экономиканы құру»;
9) «Экономикалық және сауда дипломатиясын белсенді дамыту»;
10) «Теңгерімді аумақтық даму».
2. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Жалпыұлттық басымдықтарға қол жеткізуді сипаттайтын мынадай нысаналы көрсеткіштер белгіленсін:
1-бағыт бойынша. «Азаматтардың әл-ауқаты»:
«Әділ әлеуметтік саясат» жалпыұлттық басымдығы аясында:
1) халықтың нақты ақшалай кірістерінің 2019 жылғы деңгейден кемінде 27 %-ға өсуі;
2) жалпы кірістері ең аз қамтамасыз етілген 40% халықтың кірістері үлесінің 27 %-ға дейін ұлғаюы;
«Қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі» жалпыұлттық басымдығы аясында:
3) күтілетін өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін көтеру;
«Сапалы білім» жалпыұлттық басымдығы аясында: