Петропавл қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 6 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 3 шешімі
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 2 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 6 шешіміне («Қызылжар Нұры» және «Проспект СК» газеттерінде 2014 жылғы 29 қаңтарда жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2515 болып тіркелген) келесідей өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
6-тармақ келесідей редакцияда мазмұндалсын:
«6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі мен мөлшері осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
Алушылардың жекеленген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.»;
14-тармақ келесідей редакцияда мазмұндалсын: